26 Тамыз 2023 2023, 17:02
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Тәжікстан Президентінің Қазақстандағы ресми сапары аяқталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.
Осы сапар аясында Президенттер шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ, Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді.
Президенттер Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Астана қаласының Бас мешітіне барды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесінде болды.