Ташкентте мұғалім 9-сынып оқушысын ұрып тастады
Мұғалімнің үстінен Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ташкентте тоғызыншы сынып оқушысын соққыға жыққан информатика пәні мұғалімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Pressa.uz дерегінше, Мырза Ұлықбек ауданындағы №275 мектепте информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын тура сабақ үстінде соққыға жыққан.
Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жанжал 19 мамырда болған. Сабақ кезінде 2002 жылы туған информатика пәнінің мұғалімі мен 2010 жылғы тоғызыншы сынып оқушысының арасында келіспеушілік туындаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім мұғалімнің талаптарын орындамай, сабақ өтуге кедергі жасаған. Содан кейін педагог оған жұдырық ала жүгіріп, дене жарақатын салған. Таяқ жеген оқушыға медициналық көмек қажет болды.
Информатика пәні мұғалімінің үстінен Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қалалық прокуратура, милиция және мектепке дейінгі және мектеп білімі басқармасы қызметкерлерінен құралған бірлескен жұмыс тобы төтенше жағдайдың барлық мән-жайын тексеруде.
Ведомство ереже бұзушылықтарға жол берген және жанжалды жасыруға тырысқан барлық жауапты тұлғалардың заң бойынша жазаланатынын ерекше атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда әрбір жетінші адамның дұрыс тамақтануға мүмкіндігі жоқ екені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ташкенттен Гуанчжоуға ұшып бара жатқан ұшаққа найзағай түсті
Өзбекстанға ең көп баратын туристер: Қазақстан үздік үштікке енді
2028 жылға қарай Өзбекстанның тұңғыш ғарышкері орбитаға ұшады