Таразда тәрбиеші аутизмі бар баланы қол-аяғын байлап ұйықтатпақ болған
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Таразда тәрбиеші аутизмі бар баланы қол-аяғын байлап ұйықтатпақ болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда тәрбиеші балабақшадағы баланы байлаулы күйінде төсекке жатқызғаны, ал бала болса оған көнбей байлаулы күйі төсектен құлап түскені көрінеді.
Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты BAQ.KZ сұрауына жауап берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жалғасуда. Оқиғаға қатысты тұлғалардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - делінген ресми жауапта.
Еске салайық, бұған дейін Қызылордада балаларды жұлқылаған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Балаларды басынан ұрған: Ақтөбе облысында балабақшада тексеріс басталды
Балабақшада пышақ ұстап жүрген бала тәрбиешінің ұлы болып шықты
Ақтөбе балабақшасындағы шу: Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр