Кеше 2026, 16:46 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Таразда бір топ жасөспірім қатарласын ұрып-соққан

15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Таразда оқушылар қатарластарын тападай-тал түсте ұрып-соққан.

Әлеуметтік желіде төбелестің видеосы жарияланды.

Полиция өкілдері қатарластарын ұрып-соққан жасөспірімдерді анықтаған.

5 мамырда «102» арнасына жасөспірімге дене жарақатын салу дерегі бойынша шақырту түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. 15 жастағы жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мектеп оқушылары профилактикалық есепке қойылды. Олардың ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептерін жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПЛ баспасөз қыметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жасөспірімдер арасындағы төбелестен екі бала көз жұмды

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақтауда жастар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды

Травмпункттегі текетірес: Екібастұзда дәрігер мен медбикені ұрған 3 күдікті ұсталды

"Туысына келіп, төбелес шығарған": Астанада фельдшерді ұрған ер адам ұсталды