Бүгiн 2026, 17:37 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Тападай тал түстегі тонау: Қарағандыда зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Ер адам зейнеткерге шабуыл жасап, қолындағы әмиянын жұлып әкеткен.

Қарағандыда зейнеткерді тонаған күдікті ұсталды.

Қарағанды облысының Полиция Департаментінен мәлім еткендей, банк бөлімшесінің жанында 29 жастағы ер адам 67 жастағы әйелге шабуыл жасап, қолындағы әмиянын жұлып әкеткен.

Келтірілген шығын көлемі - 117 мың теңге. Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен Теміртау қаласының тұрғынын жедел анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада зейнеткерді 6 миллион теңгеге алдаған Ұлттық банк "қызметкері" ұсталды

Тағы оқи отырыңыздар:

Зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам: Бұрын кісі өлтіру ісі бойынша сотталғаны белгілі болды

Зейнеткерлерді алдап, ақшасын ұрлап келген ер адам Қарағандыдан ұсталды

132 мың адам зейнетақы шотында түк қалдырмаған – Министрлік шектік межені өзгертеді