Тәліптер Герат қаласындағы Ауғанстанның арнайы жасағын босатты
Алматы, BAQ.KZ. Тәліптер Герат қаласында тұтқында ұстап отырған 145 ауған арнайы жасағын босатты.
Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
Өткен аптаның басында «Талибан» қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид өздеріне қарсылық көрсеткендердің барлығына рақымшылық жасағандарын мәлімдеген.
Айта кетейік, 15 тамыз күні тәліптер Кабулға соғыссыз кірді. Арада бірнеше сағат өткенде олар Ауғанстан астанасын толықтай өз бақылауына алды. Елдің президенті Ашраф Ғани өз өкілеттілігін тоқтатып, елден қашып кетті. Кейін ол елде қантөгіс болмас үшін осылай жасағанын мәлімдеді.
Ал Батыс елдері өз дипломаттарын елден көшіре бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда тау бөктері өртенді
Өзгелердің жаңалығы