6 Қазан 2026, 18:48 Фото: видеодан скриншот

Talan Towers-тен құлаған материал екі көлікті зақымдады: Шығынды кім өтейді?

Астанадағы Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктердің үстіне құлады7

Астанада қатты желдің салдарынан Talan Towers кешенінен құрылыс материалы ұшып кетіп, автотұраққа құлаған және екі көлікті зақымдаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Не болды?

Оқиға туралы көліктердің бірінің иесі Threads әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, 5 қазан күні сағат 13:40 шамасында оның көлігі гастроцентр маңындағы тұрақта тұрған кезде, жоғарыдан құрылыс материалы құлаған.

Полиция не хабарлады?

Астана қалалық Полиция департаменті «102» арнасына Hyundai Mufasa және Chevrolet Tahoe көліктерінің зақымдалғаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

«Тексеріс барысында шквалды желдің салдарынан көпфункционалды кешеннің шатырынан ОСБ тақтасы (ориентированно-стружечная плита) ұшып кетіп, автотұрақ аймағына құлағаны және екі көлікті зақымдағаны анықталды», – деді полиция өкілдері.

Бұл дерек Есіл аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шығын өтеле ме?

Talan Towers өкілдері орын алған жағдайға байланысты өкініш білдіріп, жел ұшырып әкеткен элементтің террасада бекітілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта ішкі тексеріс, соның ішінде бекітпелердің беріктігі тексеріліп жатыр.

«Бұл оқиға сақтандыру жағдайы болып табылады. Қалыптасқан жағдайда өз жауапкершілігімізді түсінетінімізге сендіреміз және өз тарапымыздан нақты шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етеміз. Егер сақтандыру төлемі шығынды толық жаппаса, қалған соманы біз өтейміз», – деп мәлімдеді кешен өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ер адамның саусақтары электр сүргіге қысылып, жарақат алды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды

Шиеліде жол апатына ұшыраған жасөспірім тікұшақпен Қызылордаға жеткізілді

Маңғыстау облысында үш адамды ашық теңізге толқын алып кетті

 
Смотреть в Threads