Таиландтағы алапат өрттен 11 адам көз жұмды
16 қарашаға қараған түні Таиландтың туристер көп баратын Патонг ауданында ірі өрт шықты. Жалын Phang Muang Sai Kor Road көшесіндегі мотоцикл жалға беру орнынан тұтанып, жақын маңдағы ғимараттарға тез таралған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 11 адам қаза тауып, 35-тен астам адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бір бөлігі түтінге тұншығып, көміртек тотығынан уланған. Қою түтіннің салдарынан адамдардың көбі ғимараттан шығып үлгермеген.
Өрттен 100-ден астам мотоцикл жанып кеткен. Сондай-ақ маңайдағы 5-8 коммерциялық нысанға зақым келген.
Құтқарушылар жалынды шамамен бір сағат ішінде оқшаулаған.
Еске салайық, Алматыда жылыту маусымы басталғалы 18 өрт тіркеліп, бір адам қаза тапқан.
Тағы оқи отырыңыз:
Канадада әскери базадағы өрттен 7 адам қаза тапты
Индонезия президенті орман өртінің түтіні үшін Сингапур мен Малайзиядан кешірім сұрады.