Бүгiн 2026, 15:05 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Тағы да суицид: Аниматор аузына қару тақап, атып жіберген

Петропавлда 21 жастағы аниматор суицид жасады.

Петропавл қаласында 21 жастағы жас аниматор суицид жасады. Бастапқы ақпарат бойынша, оқиға жас жігіт пен қыз арасындағы жанжалдан кейін болған. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады және оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жас жігіт өз үйінде қару алып, аузына атып, өміріне қол салған. Сол сәтте үйде оның анасы болған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

18 ақпанда Петропавл қаласында 21 жастағы жас жігіттің денесі табылды. Бастапқы ақпарат бойынша, жас жігіт суицид жасаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда, – делінген СҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Жас аниматор қаладағы сауда орталығының бірінде кинотеатрда жұмыс істеген.

Бұған дейін де Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім суицид жасағаны туралы жаздық. Алайда оның мұндай қадамға не себеп болғаны белгісіз.

Кеше, 18 ақпанда хабарлағанымыздай, Атырау облысында 10-сынып оқушысы өлі табылды. Облыстық Полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ, Петропавлда Назарбаев мектебінің оқушысы 3-қабат терезесінен құлаған