Сұрақ бар, жауап жоқ. СІМ неге үнсіз қалды
Үкімет отырысынан соң Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған бірде бір сұраққа жауап бермеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер министрге «Ресейге кіріптар болып қалған жоқ па?» «Ресей тарапының Қазақстандағы ұлтшылардармен күресі туралы не дер едіңіз?» «Қазақстанның БҰҰ-да Ресейді қолдап дауыс беруі туралы не дер едіңіз?» деген сұрақтар қойылды.
Алайда Мұхтар Тілеуберді бүкіл сұрақтар бойынша баспасөз хатшына жолдау қажет екенін айтты.
Еске сала кетейік, СІМ өкілі Айбек Смадияров Ресей елшісінің сұхбатына қатысты түсініктеме беруі керек еді. Алайда, осы уақытқа дейін ешқандай жауап жоқ.
Сонымен қатар СІМ өкілі әлеуметтік желіде Ресейдің саясатын насихаттағандарға қатысты пікір білдірген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы