Бүгiн 2026, 13:15 Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Степногорскіде 5 жастағы бала алтыншы қабаттан құлап, көз жұмды

Ақмола облысының Степногорск қаласында қайғылы оқиға орын алды – бес жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап кеткен.

Ақмола облысының Степногорск қаласында 5 жастағы бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап, ауруханада көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыр жарақат алған бүлдіршін жедел түрде жергілікті ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер барлық қажетті реанимациялық шараларды жүргізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына қатысты бес жағдай тіркелген. Оның біреуі осындай қайғылы жағдаймен аяқталған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанадан қонаққа келген бала Қарағандыда терезеден құлап, ауруханаға түсті.

Тағы оқи отырыңыз:

Қарағандыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Алматыда дәрігерлер маңдайына қайшы қадалып қалған баланы құтқарды

Қарағанды облысында 3 жасар баланың үстіне ғимарат қасбеті құлап, оған шұғыл ота жасалуда