15 Қазан 2026, 09:53 Фото: Ұлттық нейрохирургия орталығының баспасөз қызметі

СҚО-да 48 жастағы әйелдің ішінен 10 келі ісік алынды

Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер әйелдің құрсағынан 10 келілік ісікті алды.

48 жастағы науқас ішінде киста өсіп жатқаны жайлы бір жыл бұрын білген. Алайда оған аса мән бермесе керек. Уақыт өте келе оның ауруы дендеп, жағдайы нашарлай бастаған. Ізінше онкологиялық диспансерде операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ісіктің бастапқы көлемі бұдан да ірі болған. Оны алып шығу үшін олар әйелі алдымен дренаждау әдісі арқылы көлемін кішірейткен. 

Науқастың дене салмағы 150 кг болса, ісіктің салмағы шамамен 10 келі болды, - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда дәрігерлер әйелдің ішінен үш келілік ісікті алды. Ол бір жарым жыл бойы ішінің үлкеюі мен ауырлық сезімін артық салмақпен байланыстырған. Алайда кейін оның іш қуысында көлемі жүктіліктің соңғы кезеңіндегі ішпен шамалас ісік бары анықталды. Ісіктің ішінде шамамен жеті литр сұйықтық жиналған. Ауырсыну пайда болғаннан кейін әйел дәрігерге жүгінген.

Тағы оқи отырыңыз:

Әлемде тұңғыш рет ЖИ хирургтермен бірге миға ота жасады