«Соңғы бірнеше айда қиын кезеңді бастан өткерген»: Алматыда пәтерден 33 жастағы ер адамның денесі табылды
«Жетісу» шағынауданында қайғылы жағдай болды: Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматының Әуезов ауданындағы «Жетісу» шағынауданында қайғылы жағдай болды. Пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қайтыс болу себептері мен оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Алдын ала анықталғандай, ер адам соңғы бірнеше айда өмірінде қиын кезеңді бастан өткерген. Қазір оның өмір салты, араласқан ортасы және оқиғаға қатысы болуы мүмкін өзге де мән-жайлар зерттеліп жатыр. Тергеу нәтижесінде болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады, - деп жауап берді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына.
Айта кетейік, бұған дейін Щучинскідегі өрт кезінде тұрғын үйден ерлі-зайыптының денесі табылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Семейде 19 жастағы студент қызды өлтіріп кетті: Күдікті ұсталды
Тараздағы қанды оқиға: 24 жастағы жігітті пышақтап кетті