СІМ: Өздерін «ауған қазақтарымыз» дейтіндер көбейген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан мәселесіне қатысты өткізілген шұғыл брифинг барысында айтты.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, соңғы күндері өздерін «этникалық қазақпыз» деп таныстыратын азаматтар мен топтар көбейген. 

Соңғы күндері Қазақстан елшілігіне өздерін қазақпыз деп таныстыратын азаматтардың, түрлі топтардың жүгіну жағдайлары жиілеп кетті. Бірақ іс жүзінде олардың ешқандай дәлелдемелері жоқ. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде де сөйлей алмайды. Сондай-ақ ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихы мен ру-тайпалық байланыстары туралы да айта алмайды. Біз этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына көмек көрсету туралы барлық өтініштерге тексеру жұмыстарын жүргіземіз, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

  Оның айтуынша, бұл бір күндік жұмыс емес көрінеді. Біраз уақытты талап етеді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жарты сағат Алматыға Ауғанстаннан ұшақ келіп қонғандығы және Ауғанстандағы қазақтарға барынша көмек көрсетілетіндігі туралы жазған болатынбыз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы