18 Қараша 2026, 15:48
Фото: bbc.com
Си Қытайға барған Трампты әуежайында өзі қарсы алды
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласындағы әуежайда АҚШ президенті Дональд Трампты қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синьхуа агенттігінің жазуынша, Дональд Трамп Шэньчжэньге 18-19 қараша күндері өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) ұйымына мүше экономикалар басшыларының 33-ші бейресми кездесуіне қатысу үшін барды.
Еске салсақ, бұған дейін әлем көшбасшылары Шэньчжэньде жиналып жатқанын хабарладық. Екі күнге жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесуге 21 мүше экономиканың көшбасшылары мен өкілдері қатысады.
Тағы оқи отырыңыз: Үш алпауыттың үстелінде не бар? Трамп, Путин мен Си не талқылайды?