Шымкенттегі қала әкімінің орынбасарына жасалған қастандық: іс сотқа жетті
Шымкент мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты қылмыстық істі түсті. Бұл туралы BAQ.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Нақтылай кетсек, Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айыпталып отыр — 24-баптың 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-баптың 1-бөлігі ("Адам өлтіру").
Алдын ала тыңдау 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленген.
Еске салайық, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қарулы шабуыл 2025 жылдың 21 сәуірінде қала әкімдігі ғимаратының маңында болған. Оған бірнеше рет оқ атылып, жараланған. Кейін шенеунік ауруханаға жеткізіліп, жедел ота жасалды. 29 сәуір күні Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Берденовтің жағдайы тұрақты, бірақ дәрігерлер бақылауында екендігін айтты. Ал оқиғадан бір ай аса уақыт өткен соң Берденовті атқан күдіктінің әйелі мәлімдеме жасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы