Шымкентте екі жасар бала 9-қабаттағы терезеден құлады
Шымкенттің Қаратау ауданындағы Нұрсат шағынауданында қайғылы жағдай болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Алған жарақаттары салдарынан бүлдіршін көз жұмды.
Қаладағы жағдай қандай?
Төтенше жағдайлар департаментінің дерегі бойынша, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 9 жағдайы тіркелген.
Төрт жағдайда оқиға бала өлімімен аяқталса, тағы бес бала түрлі жарақат алған.
Құтқарушылар қандай кеңес береді?
ТЖД ата-аналарды кішкентай балаларды аз уақытқа болсын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Құтқарушылар москит торы баланы құлаудан қорғамайтынын және оның салмағын көтере алмайтынын ескертеді. Сонымен қатар терезе алдына балалардың терезеге шығуына көмектесетін жиһаздарды қоймау, терезелерге бұғаттағыштар (блокираторлар) мен ашуды шектегіштер орнату және балаларға ашық терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отыру ұсынылады.
Бұған дейін Астанада 7 жастағы бала 13-қабаттан құлап, көз жұмды.
Тағы оқи отырыңыз:
Дәрігерлер 5-ші қабаттан құлаған төрт жасар баланы аман алып қалды
Алматыда 6-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды
9-қабаттан құлаған бойжеткен: Алматылық дәрігерлер 17 жастағы қызды аман алып қалды