Шығыс Қазақстанда екі адамның денесі табылды
Шығыс Қазақстанда әйел мен ер адамның денесі табылды: полиция мәлімдемесі
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылында әйел мен ер адамның денесі табылды.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 тамызда болған.
«23 тамызда Күршім ауылында дене жарақаттарын алу салдарынан 31 жастағы әйел көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелді онымен бірге тұрған ер адам жарақаттап, өлтірген. Мас ер адам одан кейін өз-өзіне қол жұмсаған», – деп жауап берді ведомство BAQ.KZ редакциясының сауалына.
Аталған факті бойынша Күршім аудандық полиция бөлімі қылмыстық істер қозғады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында 14 жыл бұрынғы қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Маньяк жүр» деген қауесет: Полиция Кентаудағы оқиғаның мән-жайын айтты
Әйелді үйінде ұрып, телефонын тартып алған: Леңгірде түнде шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды