20 Тамыз 2026, 17:00 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Мади Искаков

ШҚО-да қос азаматтығы бар 35 тұрғын жауапқа тартылды

Көші-қон қызметі басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдай тұра, қазақстандық паспорттарды пайдалануды жалғастырған өңір тұрғындарын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 550-ден астам адам басқа мемлекеттердің азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын тіркеді. Олардың негізгі бөлігі басқа мемлекеттердің азаматтары атанды. Алайда көші-қон қызметі өкілдерін алдауға тырысқандар да табылған.

«Кейбірі әлеуметтік, зейнетақы және басқа да мемлекеттік жеңілдіктерді сақтап қалуды көздеп, елге кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастыруда», - деп түсіндірді ІІМ.

Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 35 адам жауапкершілікке тартылды. 26 жағдайда азаматтар шетелдік азаматтықты алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламаған. Тағы тоғызы Қазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін пайдалануды жалғастырған.

«Көші-қон қызметі қызметкерлері осындай жағдайлардың бірін облыс орталығының 64 жастағы тұрғынынан анықтады. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы хабарламаған және қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастырған. Тексеру барысында әйелдің құжаттары тәркіленіп, азаматтықты жоғалту тіркелді», - деп толықтырды ІІМ.

Полиция Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске салды.

Егер адам басқа елдің паспортын алса, ол бұл туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын өткізуге міндетті.

Еске салайық, бұған дейін шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстан паспорты жаңа дизайнмен шығады

Қазақстанда 46 жалған диплом және оларды сататын 20 сайт анықталды

Цифрлық медициналық кітапша: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылды