23 Қыркүйек 2026, 17:48 Фото: видеодан скриншот

Шиеліде жол апатына ұшыраған жасөспірім тікұшақпен Қызылордаға жеткізілді

Шиелі ауданында болған ауыр жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім зардап шекті.

Науқастың жағдайының күрделілігіне және шұғыл түрде мамандандырылған көмек көрсету қажеттілігіне байланысты санавиация мен ТЖМ күштері іске қосылды.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жасөспірімді жедел тасымалдау үшін ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Бортында тәжірибелі экипаж пен дәрігерлер бригадасы жұмыс істеді. Медициналық бақылаумен жүзеге асырылған ұшу барысында жасөспірімге қажетті алғашқы көмек көрсетіліп, Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.

Қазіргі таңда оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін қырағы машинист теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарып қалды

Тағы оқи отырыңыз: 

Жезқазғанда құтқарушылар өрт ішінен ер адамды алып шықты

Астанада Есіл өзеніне секірген әйел құтқарылды

Павлодарда 9-қабаттан құлағалы тұрған қыз құтқарылды