3 Қыркүйек 2026, 10:19 Фото: gov.kz

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін кеше, яғни 2 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Ал бүгін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық. 

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.