Семейде кір жуғыш машинада мысығы өліп қалған әйел жауапқа тартылды
Мысықтың баласы марғау кір жуғыш машинада өліп қалған.
Семей тұрғыны кір жуғыш машинада марғаудың өліміне себеп болғаны үшін жауапқа тартылды.
Тексеріске 18 сәуір күні әлеуметтік желіде жарияланған, жануардың кір жуғыш машина ішінде өліп қалғаны туралы видео себеп болған.
Құқық қорғау органдары тексеру барысында қайғылы жағдай абайсызда болғанын анықтады.
19 сәуірде үй жануарының иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында мысықты кір жуғыш машинада "жуындырған" иесі жауапқа тартылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Мысықты құтқармақ болған павлодарлық қаза тапты
Ақмола облысында ит әйелді талап тастады
Алматыда итті көлікке шынжырмен байлап, өлімші етіп сүйреткен