9 Қазан 2026, 10:10 Фото: Алматы әкімдігі

Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті

Риддер қаласындағы жер үйдің ауласына аю қонжығымен бірге кіріп кетті. Қала тұрғындары аюдың көшелерде, үй аулалары маңында жүргендігін айтып, әлеуметтік желілерге түрлі видеолар жариялады.

Риддер тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр.

Құзырлы органдар тиісті шаралар қабылдаса дейміз, – дейді қала тұрғындары.

Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, мамандар Риддерге барып, мән-жайды анықтады. 

Инспекторлар тиісті жұмыстарды қолға алды. Олар аюлардың жүретін жолын бақылап, үркітіп, қала аумағынан шығару шараларын жүргізеді, – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзаққа қоңыр аю түскені туралы хабарлаған едік.

Тағы оқи отырыңыз:

Шығыс Қазақстандағы қорықта аю адамға шабуыл жасады

Алматы зообағында әлсіреп жатқан аюдың суреті тарады

Жапонияда аю шабуылынан 12 адам қайтыс болды