Ресейдегі қар көшкіні: Қазақстан азаматы қаза тапты
«Ирокинда» кенішінде тоғыз адам қар астында қалды. Алты адам, соның ішінде Қазақстан азаматы қаза тапты.
Бурятиядағы «Ирокинда» кенішінде қар көшкіні салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Муй ауданында технологиялық жолды тазалау жұмыстары кезінде болған. Қар көшкіні жүрген сәтте бұл учаскеде тоғыз адам жүрген.
Үш адам өз бетінше шығып үлгерсе, тағы алты адам қар астында қалған. ТАСС агенттігінің дереккөзі қаза тапқан алты адамның бірі Қазақстан Республикасының азаматы екенін хабарлады.
Онда Ресейде жүрген және жұмыс істеген шетел азаматы болды. Ол - Қазақстан Республикасынан. Қалған қаза тапқандар - Ресей Федерациясының азаматтары, - деп хабарлады агенттік сұхбаттасушысы.
Кейінірек барлық қаза тапқандардың денесі шығарылып, іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, бұған дейін Бішкекте бала саудасымен айналысқан Қазақстан азаматы сотталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Стамбулда Қазақстан азаматы қаза тапты: Оқиғаның жай-жапсарына қатысты тың деректер
СІМ Грузияда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа мәліметтерді жариялады
БАӘ-де сотталған қазақстандық: СІМ үкімге қатысты ресми мәлімдеме жасады