Бүгiн 2026, 15:05 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Гүлжан Раманқұлова

Қырғызстандық компания Ауғанстанда алтын өндірумен айналысады

Инвестиция көлемінің жалпы сомасы 20,24 млн доллар.

Ауғанстанда Қырғызстан компаниясының қатысуымен құны 20 миллион доллардан асатын алтын өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жоба туралы не белгілі?

Келісімшарт Құндыз провинциясындағы Қала-е-Заль кен орнын игеруге бағытталған. Оның ауданы шамамен 6 шаршы шақырымды құрайды.

Бес жылдық мерзімге жасалған келісімге Ауғанстанның Тау-кен өндірісі және мұнай министрі Хедаятулла Бадри Әзербайжан мен Қырғызстан өкілдерінің қатысуымен қол қойды. Жобаға Reef Group (Llc) және Subhan Momand Co компаниялары қатысады.

Инвестициялар мен шарттар

Инвестиция көлемінің жалпы сомасы 20,24 млн доллар.

Компаниялар 30% көлемінде тұрақты төлем төлеуге міндеттелді.

Әлеуметтік жауапкершілік ретінде өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 200 мың доллар бөлінеді.

Жоба аясында 100-ге жуық тікелей және жанама жұмыс орны ашылады.

Компаниялар туралы мәлімет

Reef Group - кеңсесі Бішкекте орналасқан халықаралық тау-кен компаниясы. Ол инженерлік, геологиялық және бұрғылау жұмыстарымен, сондай-ақ аймақ елдерінде шикізат тасымалдаумен айналысады.

Subhan Momand Co - екінші қатысушы компания туралы ашық дереккөздерде ақпарат өте аз.

Ауған тарапы бұл келісімді Ауғанстан, Қырғызстан және Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Ел билігі инвесторларға қосымша жеңілдіктер беруге дайын екенін де мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда жеке балабақша немесе мектеп салғысы келетіндерге жер телімдері тегін берілетіні хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке екі бап бойынша айып тағылды

"Президенттің ең жақын серігінен – сатқындыққа дейін": Қамшыбек Ташиев жайлы не белгілі?

Қырғызстанда келесі оқу жылы 15 қыркүйекте басталады