1 Қазан 2026, 18:03 Фото: istockphoto.com

Қырғызстанда 4,9 балдық жер сілкінісі болды

1 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 13:17-де (Гринвич уақытымен сағат 8:17) Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының жедел деректері мәлім етті.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,51 градус, шығыс бойлық бойынша 73,14 градус.

Магнитудасы mb = 4,9. Энергетикалық класы K = 11,2.

Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан сейсмологтары 30 қыркүйекте Каспий теңізінде магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісін тіркеді. 

Сондай-ақ, Үнді-Тынық мұхиты аймағында орналасқан Францияның Жаңа Каледония құрамына кіретін Луайоте аралдарының маңында да жер сілкінді. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6,6-ға жетті. 

Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясында таңертең магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркияның Milliyet агенттігі хабарлады.