Қылмыс: Қарасора өсіруден көш бастаған өңірлер

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізінен есірткі саудасы көбінесе интернет желісі арқылы жүзеге асырылады. Бұрын қолма-қол сатылатын болса, қазір телеграм секілді желілері арқылы сатылатынын айтады.

Жыл басынан 200-ға жуық сайт бұғатталып, 1500 телеграм мессенджеріне шектеу жасалды. Олар «Киберназор» атты ақпараттық жүйе арқылы автоматты режимде бұғатталып отырады, - дейді ол.

 Айтуынша бүгінгі таңда мемлекеттік құзырлы органдармен бірлесіп, арнайы үлкен платформалардың жеке меншік иелері елімізде кеңселерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Осындай шара қолдану арқылы олардың жұмыстарын шектей аламыз дейді.

Брифинг барысында елімізде есірткімен көп айналысатын аймақтар  да аталып өтілді.  Олармен күресу үшін елімізде түрлі іс-шара жүргізіліп отыр.

Есірткі тек Шу алқабында ғана емес, Оңтүстік өңірдегі Қызылорда, Түркістан секілді облыстарда құрғақ-шөлді жерде өсетін үнді қарасорасының сорттары өсіріледі. Бұл әрине, үлкен ұйымдасқан қылмыстың түрін көрсетеді. Биыл осыған байланысты «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде осы облыстарда бірнеше қылмыстық топ  ұсталды, - деп атап өтті ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы