28 Тамыз 2026, 11:00 Фото: ©BAQ.KZ/Олжас Адай

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Отырысқа 145 депутат қатысып отыр. 

Бұған дейін Президент Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда сағат 11:00-де Астанада өтетінін жаздық. Оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 тамыздағы Жарлығымен шақырды.

23 тамыздағы сайлау қорытындысы бойынша бес партия 5 пайыздық межеден өтті. 145 мандат мынадай тәртіппен бөлінді:

«Әділет» – 110 мандат;
«Ауыл» – 10 мандат;
Respublica – 9 мандат;
«Ақ жол» – 8 мандат;
ЖСДП – 8 мандат.

Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев бүгін Құрылтайда маңызды сөз сөйлейді: Эфирді қайдан көруге болады? 

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді?