Қостанай облысында қоршауға қысылып қалған аққу құтқарылды
Қоршауға қысылған аққу құтқарушылардың көмегімен босатылды.
Жітіқарада қоршауға қысылып қалған аққу құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысының Жітіқара қаласында құтқарушылар көмекке мұқтаж аққуды құтқарды.
Оқиға туралы 112 нөміріне қала тұрғыны хабарлаған.
Белгілі болғандай, христиан зираты маңында аққу темір қоршауға қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері құсты абайлап босатып, одан әрі күтім жасау үшін жергілікті тұрғынға тапсырды. Қазір аққудың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осындай сәтте бейжай қалмай, дер кезінде хабар берген тұрғынға алғыс, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жол жөндеуші жараланған аққуды құтқарып қалды.
Тағы оқи отырыңыз:
Шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 сұңқарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті