Бүгiн 2026, 14:01
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Қорғаныс министрлігі әскерилердің жалақысы жыл сайын өсіп жатқанын мәлімдеді
Дархан Ахмедиев офицерлер мен сержанттардың жалақысы 10–20 пайызға дейін көтеріліп отырғанын айтты
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерилердің жалақысына қатысты пікір білдіріп, соңғы жылдары әскери қызметкерлердің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалақы жыл сайын көтеріліп жатыр. Өзім бұл салада бесінші жыл жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде офицерлер мен сержанттардың жалақысы жыл сайын 10 пайыздан 20 пайызға дейін әртүрлі көлемде өсіп отыр, – деді Дархан Ахмедиев.
Еске салайық, бұған дейін әскерилердің жалақысын 3 есе арттыру ұсынылды.
Әскери қызметшілерге жаңа жеңілдіктер ұсынылғаны айтылды.
Сондай-ақ, декретке кеткен офицерлердің әскери стажы тоқтатылуы мүмкін.