Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген офицерлер декреттік демалыс рәсімдеген жағдайда еңбек сіңірген жылдарының мерзімін тоқтата тұру нормасы ұсынылды. Бұл туралы баяндама жасаған депутат Олжас Құспеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда аталған санаттағы кейбір әскери қызметшілер әскери қызметке шақырылып, кейін декреттік демалыс рәсімдейді. Алайда осы кезеңде олар іс жүзінде қызмет атқармайды.
Осыған байланысты заң жобасында декреттік демалыс кезеңінде еңбек сіңірген жылдарының есебін уақытша тоқтата тұру ұсынылып отыр.
Жаңа норма әскери қызмет өткеру тәртібін нақтылауға және еңбек өтілін есептеу жүйесіндегі теңгерімді сақтауға бағытталған.
Бұған дейін әскери қызметшілерге жаңа жеңілдіктер ұсынылған еді.