Қоқыстың жанындағы пакеттен табылған баланың есімі қойылды
Ақтөбеде қоқыстан табылған сәби салмақ қосып, оңала бастады.
Ақтөбедегі қоқыс контейнерлерінің жанында пакеттен табылған жаңа туған нәресте әлі де қажетті медициналық көмекті алып жатыр. Балаға есім де берілді.
Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы орташа ауырлық деңгейінде екенін хабарлады. Ұл балаға Батыр есімі берілгені белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер ұл баланың тәбеті жақсы және біртіндеп салмақ қосып келе жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта ол қалалық балалар ауруханасында жатыр.
Нәресте стационарға жеткізілгенде салмағы 2900 грамм болған. Қазір 3120 граммға жетті. Баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, талдау қорытындылары реттелді, – деп атап өтті басқармадан.
Қазіргі уақытта Батырды балалар үйіне ауыстыруға дайындықтар жүруде.
Еске салайық, бұған дейін 23 мамырда Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыз бала тұрғын үйдің ауласындағы қоқыс жәшігіне жақын жерден пакетке салынған жаңа туған нәрестені тауып алған болатын.
Дәрігерлер Ақтөбеде пакеттің ішінен табылған шақалақтың жағдайы туралы айтты.
Тағы оқи отырыңыздар:
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылған еді
Түркістан облысында да қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40
- Қазақстанда алғаш рет: Алматының қалалық кардиоорталығы JCI аккредитациясын алды 20:10