Қоғамдық орында балағат сөз айту: Заң не дейді?
Көшеде, қоғамдық көлікте, аулада немесе адамдар көп жиналатын кез келген орында бейәдеп сөз айту – әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Қоғамдық орында эмоцияға беріліп, балағат сөз айту көпшілік арасында жиі кездесетін жағдай. Алайда мұндай әрекет тек мәдениет мәселесі ғана емес, заңмен реттелетін құқықбұзушылық екенін көп адам біле бермейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
“Заң мен тәртіп – 1 минутта” жобасының кезекті шығарылымында осы мәселе көтерілді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, азаматтарды қорлап тиісу немесе қоғамдық тәртіпті және өзге адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады.
Яғни көшеде, қоғамдық көлікте, аулада немесе адамдар көп жиналатын кез келген орында бейәдеп сөз айту – әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Аталған бап бойынша құқықбұзушыларға:
– айыппұл,
– немесе қоғамдық жұмыстар,
– тіпті 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.
Тағы оқи отырыңыздар: Жұмыссыз қалсаңыз, қанша ақша аласыз: Әлеуметтік төлем қалай есептеледі?
Жұмысқа кешіккендерге жаза бар ма? Заң не дейді
Гүл үшін айыппұл: Қазақстанда сирень жұлуға қандай жаза бар?