Бүгiн 2026, 13:35 Фото: ТЖМ

"Қазцинктегі" жарылыс: Тергеу нәтижесі маусымда жарияланады

Вице-министр Ербол Тұяқбаев тексеруге қазақстандық ғалымдар тартылғанын айтты.

Қазцинк кәсіпорнындағы адам өліміне әкелген жарылысқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, жарылыстың нақты себебін анықтау үшін тергеуге отандық жоғары оқу орындарының ғалымдары тартылған.

Тергеу жүріп жатыр. Бұл мәселеге жан-жақты қарап отырмыз. Жарылыстың қалай болғанын түсіну үшін университет ғалымдарын тарттық. Нәтижесін міндетті түрде БАҚ-та жариялаймыз, – деді Тұяқбаев Мәжіліс кулуарында.

Вице-министрдің айтуынша, тергеу нәтижесі маусым айында белгілі болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды ресми түрде қоғамға жария етілетінін айтты.

Еске сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Тағы оқи отырыңыздар:

Жарылыстан кейін "Казцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма?