Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
Синоптиктер күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжайды.
Белсенді әрі терең циклон ел аумағының басым бөлігіне ықпал етуін жалғастыруда. Жақын күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК нақтылағандай, 4 маусымда елдің батыс аймақтарында, 4-5 маусымда солтүстік-батысы мен солтүстігінде, ал 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, – деп атап өтті синоптиктер.
Сонымен қатар, күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы +22...+30 °С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығысы мен шығысында аптап ыстық сақталып, температура +30...+37 °С-қа дейін жоғарылайды, ал республиканың оңтүстік-шығысында ыстықтың беті қайтып, +25...+33 °С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты.
2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды.