Қазақстандықтарға бүгіннен бастап зейнетақы жинағын басқаруға жаңа мүмкіндік берілді
Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын толық басқаруға болады
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына бере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БЖЗҚ мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері кеңейтілді. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Енді салымшылар жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұған дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ғана басқаруға беру мүмкіндігі болған.
Салымшы бірнеше компанияны таңдай алады
Жаңа тәртіпке сәйкес, салымшылар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өздері анықтай алады.
Сонымен қатар азаматтар қаржылық мақсаттарына қарай:
- бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыны;
- бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді
таңдауға құқылы.
Үш түрлі инвестициялық портфель ұсынылады
Заңнамаға сәйкес, инвестициялық портфельді басқарушылар үш түрлі портфель қалыптастыра алады:
- консервативті;
- қалыпты;
- тәуекелді.
Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленеді.
Яғни салымшы өз зейнетақы жинағын инвестициялау кезінде тәуекелі төмен немесе жоғары кіріс әкелуі мүмкін стратегияны таңдай алады.
Зейнетақы жинағын басқаруға беру міндетті емес
Бұл мүмкіндік ерікті түрде жүзеге асырылады. Салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға берудің көлемін және инвестициялық стратегиясын өздері таңдайды.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру тәртібі мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында жарияланған.
Осылайша, Қазақстанның зейнетақы жүйесінде салымшыларға өздерінің болашақ зейнетақы жинақтарын басқаруға белсендірек қатысуға мүмкіндік беретін жаңа кезең басталды.
Есчке салайық, бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы жинағының 100%-ын жеке басқарушыға қалай сеніп тапсыруға болатынын түсіндірген еді.
Сондай-ақ, қазақстандықтарға БЖЗҚ-дағы жинағының 100 пайызын аударуға рұқсат етілетіні хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударушылар саны 3 есе артты
БЖЗҚ сіздің зейнетақыңызды қайда инвестициялап жатқанын білесіз бе?
Зейнетақы жинағын 100% ИПБ-ға аудару: Ұтасыз ба, ұтыласыз ба?