Қазақстанда салынатын бірінші АЭС-тің құны қанша болады?

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Парламенті Палаталары бірлескен отырысының кулуарында елімізде салынатын алғашқы атом электр станциясының құны шамамен қанша болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз қазір нақты айта алмаймыз. Өйткені олар процеске қатысушылармен, ресми келісімдермен қорғалған. Бірақ жалпы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып айтатын болсақ, мұндай деңгейдегі станцияның құны 14 миллиард долларды құрайды, - деді агенттік басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті кім салатыны белгілі болды. Қазақстанда АЭС салу бойынша ең оңтайлы әрі тиімді ұсыныстар ресейлік "Росатом" компаниясынан келгені анықталған.

Белгілі болғандай, Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен "Росатом" Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті.

Атом электр станциясының құрылысына қаржы қайдан алынатыны туралы да жаздық. Қазақстан мен Ресей арасында Атом электр станциясын (АЭС) салуға байланысты келіссөздер аясында Мәскеу тарапынан жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру ұсынылатыны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы