Қазақстан бір жылда 13 миллион тоннадан астам астық пен ұн экспорттады
Жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын.
Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемінің артуы ықпал етті. Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға – 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға – 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, Түрікменстанға – 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады, - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы минстрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі екенін айғақтайды.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан мен Ауғанстан қазақстандық астыққа сұранысты арттырғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Қазақстанға 200 тоннадан астам карантиндік астық кіргізілмеді
- Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды 22:20
- Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-приде төрт жүлде жеңіп алды 21:48
- Атырауда «ALTYN ORDA» халықаралық садақ ату турнирі өтіп жатыр 21:11
- БРИКС, БАӘ және транзит: Қазақстан экономикалық мүмкіндіктерін қалай кеңейтуде 20:59
- БРИКС плюс: Қазақстан транзит пен инвестиция мүмкіндіктерін кеңейтуде – Сарапшы 20:58
- Жапонияда үкімет қайта жасақталады: Такаити қарсыластарын қызметінде қалдырмақ 20:55
- Қосшыда сауда үйінде жанжал шығарған ер адам 15 тәулікке қамалды 20:40