Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам қамауға алынған жоқ – ол үйқамаққа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртас концертіне кіреберісте адамдар арасындағы кептелістен зардап шеккен қыздардың бірі ауыр халде болған еді. Бұған дейін Freedom Афиша компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және құқық қорғау органдарына қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Компания концертті ұйымдастырушы Show Service болғанын, ал өзі билеттерді сатумен және еріктілердің жұмысымен айналысқанын айтты.
Орын алған оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті концерті кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін айтып, концертке жауапты ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы Қайрат Нұртастың концерті кезінде зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы туралы ақпарат берді.
Тағы оқи отырыңыз:
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды