20 Шілде 2026, 16:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қай өңірде ең көп жүргізуші куәлігі берілгені белгілі болды

Көлік жүргізу куәлігін алу бойынша үздік 5 өңір анықталды.

«Азаматтарға арналған үкіметте» 2026 жылдың басынан бері ең көп жүргізуші куәлігі берілген өңірлер бойынша статистика жарияланды. 

Жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізуші куәлігін 337 мыңнан астам қазақстандық алды. Біреу үшін бұл көлікті өз бетінше басқаруға жасалған алғашқы қадам болса, енді бірі үшін құжатты жоспарлы түрде ауыстыру болды. Сондықтан бұл мемлекеттік қызмет қазақстандықтар арасында сұранысқа ие қызметтердің бірі болып қала береді, – деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

«Азаматтарға арналған үкімет» сондай-ақ берілген жүргізуші куәліктерінің саны бойынша ТОП-5 өңірді ұсынды:

Алматы - 75 163;

Шымкент - 46 086;

Түркістан облысы - 24 711;

Астана - 22 601;

Қарағанды облысы - 19 992.

Еске салайық, бұған дейін бес көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды

Тағы оқи отырыңыздар:

Данияр Елеусінов Астанадағы үш жол-көлік оқиғасынан кейін қамауға алынды

Көлік нөмірлері белгілерін беру ережесі өзгереді

Жүргізушілер «әдемі» нөмірлерді үйден шықпай-ақ таңдай алады