Кеше 2026, 19:34 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Астана әуежайынан қарсы алды

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды.

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына «Ata yurda hoş geldiniz!» – «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп екі тілде қошемет көрсетті.

Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды.

Сондай-ақ, президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».

Сонымен қатар, Ердоғанның Қазақстанға сапары бүкіл аймақ үшін неліктен маңызды екенін оқи аласыздар.