23 Қыркүйек 2026, 19:50 Фото: Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі

Қарағандыда көршісіне жала жапқан зейнеткерге жарты миллион теңге айыппұл салынды

Қарағандыда жалған қауесет таратқан көрші сот шешімімен жазаланды.

Қарағанды қаласында көршісі туралы жалған қауесет таратқан тұрғынға сот шешімімен айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

34 жастағы қала тұрғыны көршісінің жалған ақапарат таратқаны туралы полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, көршісі ол туралы «басқа ер адамнан бала туып алған» деген шындыққа жанаспайтын әңгіме таратып, ар-намысына нұқсан келтірген.

Шағым түскеннен кейін учаскелік инспектор Төлеген Жанкеев тұрғындарды аралап, сөздің анық-қанығын жедел түрде анықтады.

Тексеру барысында жалған ақпарат таратқан 66 жастағы көршісі екені белгілі болды.

Ол өз кінәсін толық мойындады. Сот шешімімен оған 484 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мәселенің қысқа мерзімде әрі әділ шешілгеніне риза болған жәбірленуші тұрғын Полиция департаментінің бастығына арнайы алғыс хат жолдады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Құқық қорғау органдары азаматтарды әрбір айтылған сөзге, таратылған ақпаратқа жауапкершілікпен қарауға шақырады. Заң бойынша біреудің абыройына нұқсан келтіретін жалған мәлімет тарату қатаң түрде жазаланады.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте өзін полицей ретінде таныстырған қыз жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Полиция формасын киіп, әлеуметтік желіге видео түсірген: Астанада блогер жазаланды

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған