17 Қараша 2026, 16:36 Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда бесінші қабаттағы балкон опырылып түсе жаздады

Қарағанды қаласында балкон конструкциясының құлау қаупі жойылды.

Қарағандыда бес қабатты үйдің балконы құлай жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

16 қараша күні сағат 11:30 шамасында Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында тұрғын үйдің балконы опырылып түсу қаупі туындады. 

Бес қабатты үйдің соңғы қабатындағы пәтер балконының металл және темірбетон конструкциялары зақымданған. Соның салдарынан конструкция төмен салбырап, құлап кету қаупі төнген.

Бирюзов көшесі, 9-үй мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер балконының металл және темірбетон конструкциялары зақымданып, салбырап қалған. Соның салдарынан конструкцияның құлау қаупі туындады. 
ТЖД күштері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, автосаты мен автокранның көмегімен қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 12-қабаттағы балконнан секіргелі тұрған бойжеткен құтқарылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қауіпті ойын: Балқашта екі оқушы 4-қабаттағы балконға терезе арқылы өтті

Шымкентте көпірден секіргелі тұрған бойжеткен құтқарылды

Алматыда журналистер 10-қабаттың терезесі сыртында тұрған екі жігітті құтқарып қалды