Қарағандыда 11 жастағы бала кісенделіп қалған: Құтқарушылар көмектесті
ТЖМ қызметкерлері балаға дер кезінде көмек көрсетті.
Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы 15-ықшам ауданда құтқарушылар тұрғын үй ауласындағы темір беседкаға кісенделіп қалған 2015 жылы туған балаға көмек көрсетті.
Аулада ойнап жүрген кезде бала кісен тауып алып, қызығушылықпен оны қолына таққан. Алайда кейін өздігінен шеше алмаған. Ата-анасы да балаға көмектесе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп, арнайы құралдың көмегімен кісенді кесіп, баланың қолын босатты.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда терезеден құлағалы тұрған бала құтқарылды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қызылорда облысында кәріз құдығына түсіп кеткен түйе құтқарылды
Алматыда дәрігерлер 5 жасар баланың өкпесінен тирдың оғын алып шықты
Астанада басы горшокқа кептетіліп қалған 4 жасар бала құтқарылды