26 Тамыз 2026, 12:04 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент ұстаздарға: Озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде зор еңбек сіңіріп жүрсіздер

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтіп жатқан тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы ұстаздарды тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады.

Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі. Бұл нағыз ақиқат, - деді Президент.

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде барлық мұғалімге ілтипатын білдірді.

Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Сіздер (ұстаздар – ред.) жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер. Биылғы тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгеріс кезеңіне тұспа-тұс келді, - деп айтты Тоқаев.

Президент барлығымыз бір ел болып түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырғанымызды атап өтті.

Еске сала кетейік, жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ден астам ұстаз арнайы келген.

Жиынның ашылуында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы өзгерістер мен педагогтерді қолдауға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Сөзінше, Қазақстанда мұғалімдердің жалақысына білім саласы қаржысының 65,9%-ы жұмсалады. Білім саласына бөлінетін қаржы үш еседен астам артты.

Тағы оқи отырыңыз: Жәрдемақы, үстемақы және қосымша төлем: Ауыл мұғалімдеріне қандай жағдай жасалған? 

Мектепте өзгеріс болады: Енді мұғалімдер аптасына 12 сағатқа дейін уақыт үнемдейді