Ал бүгін Қазақстан құрамасы 300 шақырымдық ат жарысында үздік атанды.
Қазақстан Көшпенділер ойынында 25 алтын медальмен көш бастады.
5 Қыркүйек 2026, 19:03
Фото: Ақорда
Президент Көшпенділер ойындарында ел намысын қорғағандардың еңбегі еленетінін айтты
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ашылу салтанатына қатысқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті.
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі. Мемлекет басшысы бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірді, сондай-ақ ұлттық құраманың ортақ табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті, – деп жазылған хабарламада.