20 Қараша 2026, 14:46 Фото: ©BAQ.KZ/Сырым Рахимбеков

Президент: «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет екенін айтты. 

«Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады. Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – «Құрылыс және тағы да құрылыс!». Геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр жағдайда мемлекетіміздің, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұрлым дұрыс, қисынды жолы осы екеніне сенімдімін. Осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының стратегиялық бағыты екенін айтты.

Сондай-ақ, күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналғанына тоқталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы: Біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз