Пластикалық отадан кейін қазақстандықтың бір көзі көрмей қалды
Шымкентте пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсету ісі бойынша сот үкімі шықты. Блефаропластика отасынан кейін пациент бір көзінен толықтай көру қабілетінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот анықтағандай, отаны тиісті сертификаты мен медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ адам жасаған.
Хирургиялық араласудан кейін пациентте ауыр зардаптар пайда болып, ол бір көзінен толықтай көру қабілетінен айырылған.
Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған адамға үш жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы азаматтарды медициналық қызметтерге жүгінер алдында маманның қажетті құжаттарының бар-жоғын тексеруге шақырды.
Ведомство тиісті лицензиясы мен біліктілігі жоқ адамдардан медициналық қызмет алу өмір мен денсаулыққа ауыр зардаптар әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда танымал блогер пластикалық отадан кейін қайтыс болды.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматылық әйел көзінің түсін өзгертемін деп жанарынан айырылып қала жаздады
Алматыда 5 жасар баланың жұлынып қалған саусағы қалпына келтірілді
Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте әлі дүниеге келмеген екі балаға операция жасады