Петропавл тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда жер үй өртеніп, иесі оқиға орнында көз жұмды.
Өрттің шығуына қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі хабарлады.
Үйден шыққан түтінді байқаған көршілер бірден 101 қызметіне телефон соққан.
Өрт шыққан үй-жайдан (верандадан) ес-түссіз жатқан 1970 жылғы әйел табылды. Ол ыстан уланған. Біздің қызметкерлер қала тұрғынын жедел жәрдемге жеткізді, бірақ барлық күш-жігерге қарамастан, әйел қайтыс болды, - деді Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Евгений Журавлев.
Оқиға орнына мамандандырылған №1 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасымен жеке құрамы және жедел жәрдем қызметі жетті.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша жалын пештен шыққан. Әйел ыстан уланып көз жұмған. Статистика көрсетіп отырғандай, осы сынды қайғылы жағдайлар көбіне қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болады, - дейді Солтүстік Қазақстан ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісі Әсет Сердалин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қосылған құн салығының өтемақысы қайтарылатыны жалған – комитет
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы