Петропавл мектебіндегі оқыс оқиға: Оқушылар жалпы палатаға ауыстырылды

Петропавлда балтамен соққыдан зардап шеккен мектеп оқушылары жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Оқу-ағарту министрлігінің Facebook парақшасындағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты қткен онлайн отырыста мәлімдеді.

Екі баланың жағдайы қанағаттанарлық. Мектеп әкімшілігі жедел жұмыс істеп, жедел жәрдем шақырған. Сондай-ақ дабыл түймесі басқан. Сөйтіп үш минуттың ішінде мектепке күзет мекемесінің кезекші тобы келген. Мектеп дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсетті, - деді Марат Тасмағанбетов.

Кеше, яғни 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушысы мектепкеасхана  балтасымен келіп, үш оқушыны жарақаттады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бүгін Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев оқиғаның мән-жайын айтты.

Сонымен бірге Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Петропавл мектебіндегі жағдайдың күрделі екенін айтып, министрліктерге тапсырма берген болатын

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: mnews.kz
Өзгелердің жаңалығы